2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері облыс әкімдігінде өткен жиында талқыланды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібі 12 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, ауыл шаруашылығы 7,5 пайызға, ал сауда саласы 12 пайызға өскен. Алайда кері көрсеткіштер де жоқ емес. Жиын барысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту мәселесі де сөз болды.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов көлік бақылауы бойынша облыстық инспекцияның жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке Нұрсұлтан Жамашов тағайындалды. Биылғы бес айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 70 миллиард теңгені құрап, 7,5 пайызға артқан.
СНХР: ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ
Өңір басшысы экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Жиын барысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту мәселесі де талқыланды. Әр ауданның өзіне тән қасиетті және табиғи орындары бар. Мәселен, Есіл ауданында 540-тан астам көл орналасқан. Бұл балық аулау мен аңшылық туризмін дамытуға мүмкіндік береді. Ал Қызылжар ауданында қысқы, жағажайлық және демалыс күнгі турларды дамытуға әлеует бар.
СНХ: ДАРХАН ӘМРИН, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Өңірде жеке демалыс аймақтарын абаттандыру әлі де шешімін таппаған. Көптеген орындарда бағыттаушы көрсеткіштер, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен мангалға арналған арнайы аймақтар қарастырылмаған.
СНХ: ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, СҚО ТУРИСТІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Туристік қызметтердің сапасын арттыру үшін негізгі туристік маршруттар бойында тұрақты мобильді байланыс пен жол инфрақұрылымы мәселесін шешу қажет.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қонақтарды тарту және туризмді дамыту мақсатында «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» атты III Халықаралық суретшілер симпозиумын өткізу жоспарланған. Өңір өміріндегі жарқын оқиғалардың бірі ретінде Петропавл қаласында «Мағжан орталығының» ашылуы мен халықаралық «Qyzyljar Music Fest» фестивалінің өткізілуі болады.