Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында мектеп оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» атты облыстық спартакиада өтуде. Екі күнге шақталған дүбірлі додаға облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласынан келген жас спортшылар қатысып жатыр. Фестиваль аясында олар алты түрлі ұлттық спорт түрінен өзара бақ сынап, күш-жігері мен шеберліктерін ортаға салуда.

Асық ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, бес асық, арқан тарту және қол күресі — фестиваль аясында оқушылар дәл осы ұлттық спорт түрлерінен өзара сынға түсуде. Бүгін Бескөл ауылының Парасат мектеп-лицейінде өтіп жатқан қол күресі жарысына қатысушылардың қарасы қалың. 120-дан астам жасөспірім спорттық сайыстарда бақ сынауда.

СНХР: ӘМІРБЕК АХМЕТОВ, ҚОЛ КҮРЕСІНЕН БАС ТӨРЕШІ


6 жасынан бері көкпармен айналысып келе жатқан Әділхан Махатов қол күресіне де қызығушылық танытып жүр. Айтуынша, бұл спорт түріне ниеті бұрыннан бар, алайда кәсіби түрде жаттыға бастағанына көп бола қоймаған.

СНХР: ӘДІЛХАН МАХАТОВ, ҚАТЫСУШЫ


Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы дипломдармен марапатталады. Ал күзде олар республикалық спартакиадада бақ сынайды.