Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерінің рухына тағзым етті. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Ашық есік» күнін өткізді.

Еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқару кезінде 20 полиция қызметкері қаза тапты. Ерлерді еске алу мақсатында полицейлер оларды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

СНХ: ӘБІЛҒАЗЫ ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Бұдан бөлек, Полиция департаменті мектеп оқушыларына, студенттерге, қала қонақтары мен тұрғындарына арналған «Ашық есік» күнін ұйымдастырды. Дәстүрлі іс-шара аясында полицейлер заманауи қару-жарақты, арнайы техниканы және қызметтік автокөлікті көрсетті. Қонақтар қызмет барысында қолданылатын жабдықтармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

СНХ: РУСЛАН ТАСИМОВ, СҚО ПД ТӘРБИЕ ЖӘНЕ КАДР ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ


Сонымен қатар, Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының қызметкерлері ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдап, ҚР Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына оқуға түсу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.