Сапалы білім мен жайлы орта — жас ұрпақтың болашағына жасалған инвестиция. Осы мақсатта Петропавлға арнайы келген республикалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмажан Қамкенұлы Жүкенов бірқатар білім беру және сауықтыру мекемелерін аралады. Ол №25 орта мектеп пен №28 «Келешек мектебіне» барып, оқу орындарындағы жаңашылдықтармен танысты. 

Бүгінде жаңа талаптарға сай жабдықталған мектептер саны артып келеді. Солардың бірі облыс орталығындағы — №28 мектеп. Бұл білім ордасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып, 2024 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Мектеп заманауи білім беру және спорттық нысандармен толық жабдықталған. Қазіргі таңда бұл мектепте 467 оқушы білім алып жатыр.

СНХР: ГҮЛЖАН ЖАҚАНОВА, №28 «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНІҢ» ДИРЕКТОРЫ


Оқу ордасының жабдықталуымен танысқан Жұмажан Жүкенов жаңаша форматтағы мектептердің артықшылығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, мұндай білім ошақтарында оқушылардың жан-жақты дамуына барлық мүмкіндік жасалған.

СНХР: ЖҰМАЖАН ЖҮКЕНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ


Айта кету керек, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бастамасымен еліміздегі барлық «Жайлы мектептер» енді «Келешек мектеп» атауымен қолданысқа енді. Бұл туралы республикалық кеңес мүшесі Жұмажан Жүкенов өз сөзінде атап өтті.