Облыс орталығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Білім беру саласы ардагерлері республикалық кеңесінің мүшесі Жұмажан Жүкеновтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында қандай маңызды мәселелер көтерілді? Тілшіміздің материалында.
Ұрпақ тәрбиесінде ардагерлердің рөлі зор. Білім саласына үлес қосқан тәжірибелі мамандардың басын қосқан жиын Оқушылар сарайында өтті. Республикалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмажан Қамкенұлы Жүкенов қатысқан отырысқа білім саласының ардагерлері, бөлім басшылары мен мектеп директорлары жиналды.
СНХР: ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Жұмажан Жүкеновтің айтуынша, бүгінде үш маңызды өзекті мәселе бар, соның ішінде ең бастысы — білім саласы. Оның мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан Халық қоры білім беру саласына 2 миллиард теңге бағыттап отыр. Бұл қаржы — жас буынның сапалы әрі жайлы ортада білім алуына жасалып жатқан нақты қолдау.
СНХР: ЖҰМАЖАН ЖҮКЕНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Сонымен қатар, отырыс барысында білім беру мәселелерінен бөлек, тәрбие беру, буллингтің алдын алу және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, лагерьлердің жұмысы жөнінде де сөз қозғалды.