Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің бақылау талап-арыз жұмысының қорытындылары айтылды.
Жалпы биыл жартыжылдықта департамент 6 азаматтық және әкімшілік сот ісіне қатысқан, оның ішінде 2 іс бойынша шешім департаменттің пайдасына, 1 іс – қарсы тараптың пайдасына шешілген болса, 1 талап-арыз Департамент тарапынан қайтарылып алынған. Ал 2 іс сотта қаралу үстінде. 2025 жылдың есептік кезеңінде вдомствоға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 5 өтініш келіп түсті, оның ішінде 2 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді, ал 3 өтінішке негізделген бас тарту берілді.
СНХР: ВЯЧЕСЛАВ ЛУКИНЫХ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ