Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде өтетін «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашып берді. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның жастары қатысып жатыр.
Одан бұрын Президент Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткішіне гүл шоғын қойып, оның рухына тағзым етті. Биыл қазақтың қайсар қызының туғанына – 100 жыл. Ескерткіш басында Мемлекет басшысы Ақтөбе жұртшылығымен де тілдесіп, қазіргі алмағайып заманда бірлікті, татулықты сақтау өте маңызды екеніне назар аударды.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ