916 мың гектарға жуық жер резервке қойылды. Бұл елдегі жайылым тапшылығын екі есеге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. ((КСМ:)) Былтыр шаруалар мен төрт-түлік өсіріп отырған халыққа 8,5 млн гектар жайылым жетіспесе, биыл қажеттілік 4 млн гектарға дейін азайған. Бүгін Мәжіліс отырысында «Жайылым туралы» заңның іске асырылуы жайлы есеп берген Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов осылай деді. Оның айтуынша, республика бойынша қайта мал санағы жүргізіліп, заңсыз берілген 2 млн гектар жер халықтың ортақ пайдалануына берілген.
СНХ: АЗАТ СҰЛТАНОВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ