Ауылдардың көркеюі – ел дамуының көрінісі . Ауылдарда еңбекқор азаматтар елдің дамуына зор үлес қосып, еңбектеніп жатыр. Бүгінде ауыл шаруашылығы қызметкерінің жұмысы жоғары бағаланады, жақсы маманды шаруашылықта ұстап қалу үшін кәсіпкерлер олардың жағдайын жасап беріп жатыр. Нәтижесінде ауылдар көркейіп, бүгінде жаңа кейіпке енген. Ғ. Мүсірепов ауданында қазіргі уақытта үлгі тұтар елді мекендер жетерлік. Ірі ауыл шаруашылығы құрылым басшылары өз қамын ғана ойламай, шаруашылықтарын дөңгелетіп отырған ауылдардың әлеуметтік мәселелерін де шешіп беріп жатыр. Тілші толықтырсын.


 Бұл бірлігі жарасқан балалар- Бірлік ауылының оқушылары. Олар бүгін сабаққа белсене қатысып, үздік нәтиже көрсеткен. Ал, сабақ оқуға кеткен күш-қуатты қайта толықтыру үшін, асханадан түскі ас ішуде.


 Бірлік орта мектебінде барлығы 116 оқушы білім алады. Оның 87-сіне, яғни 8-сыныпқа дейінгі балаларға ыстық, дәмді түскі ас тегін беріледі. Ал, жоғары сынып оқушылары үшін тамақ бағасы небәрі – 250 теңге.


АЛМА ИМАНОВА, БІРЛІК ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

- Балаларды ыстық тамақпен қамтамаасыз ету өте жақсы жолға қойылған. Біздің асханамыздың жабдықталуына, азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне «ЕS GLOBAL» серіктестігі көмектеседі. Жалпы, мектеп асхананасынан 87 оқушы тегін тамақ ішеді.


 Ауыл тұрғындарына деген қамқорлық басқа салаларда да бар. Жолды. әлеуметтік нысандарды жөндеу және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту. Елді мекенде ьбұл мәселе шешімін тапқан. Александр Пономоренко бұл ауылда 40 жылдан астам уақыт бойы тұрады. Ол көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Жеке шаруа қожалығы да бар. Бүгінде өміріне көңілі толады.


АЛЕКСАНДР ПОНОМАРЕВ, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Малға қажет жем-шөп, сондай-ақ пай беріледі. Пайдың мөлшері шыққан өнімге байланысты. Егер неғұрлым жоғары өнім алса, берілетін пай да көп болады. Сондықтан жақсы өнім алу үшін бар күшімізді салып жұмыс істейміз.


«ES GLOBAL AGRO» серіктестігі бүігнед 150 адамды тұрақтры жұмыспен қамтып отыр. Нағыз орақ қызған шақта, жұмысшылар саны артады. Серіктестік жергілікті тұрғындардың қажеттілігін ескеріп, ауылдағы әлеуметтік ғимараттарды жөңдеп, пайдалануға берген. Бірлігі жарасқан, түтіні түзу ұшқан ауылдан ешкімнің кеткісі жоқ. Себебі, өмір сүруге қолайлы. Бұл- ауылдың ең үлкен жетістігі.


МАТВЕЙ СКОРНЯКОВ, «ES GLOBAL AGRO» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Бізде 22 мың гектар егістік жер бар. Оның 13 мыңға жуығы үлестік жер юолып саналады. Арнайы келісім бойынша жұмыс істейміз. Шартқа сәйкес, жыл сайын өнімнің 7 пайызын адамдарға беруіміз керек. Дәл қазіргі уақытта, біз пай беру ісін аяқтадық.


Гүлжан Табдығова – осы ауылдың тумасы. Ол серіктестікте аспазшы болып еңбек етеді. Биыл «Ауыл шаруашылығы» қызметкерлері» күнінде үздік маман болып танылған.


ГҮЛЖАН ТАБДЫҒОВА, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Еңбегімді бағалап,елеп-ескергеніне өте ризамын. Өз жұмысым өзіме ұнайды. Барлық тағамға бар махаббатымызды салып, әзірлейміз. Жыл сайын түрлі сый-сияпат, мақтау қағаздарын алып тұрамыз. Үйімізде мал асыраймыз. Ал, серіктестік сол төрт-түлігімізді азықпен қамтамасыз етіп отырады.


Диана Батықова-жас маман. Өзінің қайсар және жігерлі мінезі мен еңбекқорлығының арқасында бүгінде «Нежинка-агро» серіктестігінің ісін өрге домалатып жатыр. Ол әкесі Мұрат Жұмебековтің ісін жалғастырып қана қоймай, ауылға жаңа леп әкелген.


ДИАНА БАТЫҚОВА, «НЕЖИНКА-ЕРКЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі күні мен балалар алаңының құрылысын аяқтадым. онда футбол, баскетбол алаңдары, түрлі әткеншектер мен карусельдер бар. Біз балалардың саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдана алуы үшін бар күшімізді саламыз.


Балалар алаңы барлық қажетті заттармен жабдықталған. Алаңда ойын құралдарына ғана емес, қауіпсіздікке де ерекше назар аударылған.


ЖАНСАЯ БӨКЕШЕВА, НЕЖИНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Менің жасым сегізде. Бұл алаң маған өте қатты ұнайды. Барлық бос уақытым мен демалыс күндерімді осында өткіземін. Достарыммен бірге ойын ойнаймыз.Осындай алаң салып бергендері үшін рахмет. Бұл алаңның салынғанына тек мен ғана емес, барлық балалар қуанды.


 Нежинка ауылында жаңа үйлер де салынып жатыр. Анастасия Кучеревичтің көшіп келгеніне 1 ғана жыл болған. Осы ауылдан үй алып, жанашыр достар тапты. Сүйікті жұмысын істеп жатыр.


АНАСТАСИЯ КУЧЕРЕВИЧ, НЕЖИНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Ауылға алғаш келген сәтте маған барлығы ұнады. Табиғаты бір бөлек, адамдары да ерекше. Барлық үйдің қасында су құдығы бар. Көшіп келген кезде бізге бірден үй берді. Көп ұзамай жұмысқа орналастым. Алғашқы қыс та жақсы өтті. Жылу уақытылы берілді.


«Нежинка Агро» серіктестігінде 450 пай иесі бар. Тұрғындардың үлестері ақшалай беріледі. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары арзан бағамен жем-шөп те алады. Ал бұл Червонное ауылы. 900-ге жуық тұрғыны бар. Бүгінде сүт фермасы жұмыс істейді. Григорий Каратай мұнда ферманың ашылған сәтінен бастап еңбек етеді.


ГРИГОРИЙ КАРАТАЙ, ЧЕРВОННОЕ ЕЛДІМЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен осы ауылда туып, өстім. Туған жерім көз алдымда дамып жатыр. Жұмысым да жақсы. Қатты қиын емес. Технологияның дамыған заманы ғой. Жалақы жағынан да ешқандай мәселе жоқ. Уақытылы алып тұрамыз. Ал, пай әрбір жиын-терім науқанынан соң міндетті түрде беріледі. Кейде ақшалай, кейде бидай ретінде аламыз.,


Гүлнәр Қосшығұлова- жергілікті мәдениет үйінің меңгерушісі. Ауылдағы бар мереке соның ұйымдастыруымен өтеді. Ал, бос уақытында жеке шаруашылығымен айналысады.


ГҮЛНӘР ҚОСШЫҒҰЛОВА, ЧЕРВОННОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біз де барлық тұрғындары сияқты мал ұстаймыз. Ауыл да тұрғанықтан бұл ыңғайлы. Жыл сайын өзімізге тиесілі үлесімізді аламыз. Тапсырыс берсек, жем-шөп әкеліп береді.


 Мәдениет үйі басқарушы компания есебінен жөнделген. Кәсіпкер сонымен қатар, ауыл ішіндегі ауылішілік жолдарды жарықтандырып, жөнге келтірді.


СЕРГЕЙ КИРИЧЕК, «ӘДІЛ» БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің мектеп 65-ші жылы салынған. Өзім сол мектепті бітіргенмін. Шағын орталық ашып, оны білім саласының балансына тегін өткздім. Ауылымыз дамып жатыр. Тұрғындардарға қолдан келгенше барынша көмектесуге тырысамыз.


Серіктестіктен 500-ден астам адам жыл сайын пай алып келеді.