Петропавлдағы Ислам мәдениеті музейінде «Құндылықтар қайнары» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті. Облыстық «Қызылжар» мешітінің ұстазы балаларға дәріс оқып, сұрақтарына жауап берді.


 Ислам мәдениеті музейі осы жылдың сәуір айында ашылған. 19-шы ғасырда мешіт болған көне ғимарат осы уақытқа дейін Киров зауытының қоймасы ретінде қолданылып келген. Қайта қалпына келтірілген музейде ашылғаннан бері оқушылардың қатысуымен 6 іс-шара ұйымдастырылған. Негізгі мақсат, мектеп оқушыларының бойына ұлттық құндылықты сіңіріп, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының 5 бағытын түсіндіру. Балалардың діни сауаттылығын арттыру.


 МҰРАТ ӘМІРЖАНОВ, «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» ИСЛАМ МӘДЕНИ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Ислам музейінің мақсаты облыс тұрғындарына,мектеп оқушыларына исламның құндылықтарын көрсету. Біздің музей облыстық «Қызылжар» мешітімен келісімге отырған. Имамдар, мешіттің ұстаздары музейге келушілерге діни сабақтар өткізіп, олардың сауаттылығын арттырып отырады.