Биыл қазақтың ұлы күйші, композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл. Атаулы датаға орай Петропавлда «Күй атасы – Құрманғазы» музыкалық қонақжай кеші өтті.
Қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлы 1823 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерде дүниеге келген. Ол Қазақстанның музыка мәдениетінде айрықша орын алады. Қазақтың аспаптық музыкасын дамытып, оны әлемдік деңгейге көтерген классик композитор. Қазіргі уақытта Құрманғазының 60-тан аса күйі көпке танымал. Күйшінің 200 жылдығына орай ұйымдастырылған бүгінгі іс-шарада өңірге белгілі күйші-домбырашылар сөз сөйлеп, күйлерін орындады. Сонымен қатар, келушілер назарына «Күй өнерін аспандатқан» атты кітап көрмесі де ұсынылды.
СЕРІКБАЙ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:
- Күй атасы Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы мнау бүкіл Қазақстан бойынша аталып өтіп жатыр. Қазыргі облыстық кітапханада өтетін іс-шара жастарға үлгі-өнеге болуы тиіс. Құрманғазының дәстүрін үйреніп, оның күйлерін үйреніп, тарихын білуі керек. Құрманғазыны дәріптеп, оның күйлерін білу біздің міндет.