Негізгі Жаңалықтар СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры тағайындалды

СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры тағайындалды

Қазақстан бас прокурорының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры лауазымына Батыр Корғанбаев тағайындалды.


Батыр Қорғанбаев еңбек жолын прокуратура органдарында 2000 жылы бастаған . 2002-2022 жылдар аралығында Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының прокуратураларында қызмет атқарған. 2022 жылдың қазан айынан бастап Павлодар облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы қызметінде болды. Оның прокуратурадағы жалпы еңбек өтілі 23 жылды құрайды.


Бөлісу