Дін қызметкерлері аттестаттаудан өтіп жатыр
Петропавлда Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған кезекті Республикалық аттестаттау өтіп жатыр. Басты мақсат –қызметкерлердің діни білім деңгейін, кәсіби біліктілігін, сондай-ақ атқарып жүрген қызметіне қатысты білімдерін саралау.
Бұл аттестаттау – дін қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға, олардың білімін жетілдіруге және халыққа сапалы діни қызмет көрсету ісін одан әрі дамытуға бағытталған маңызды іс-шара.
СНХ: ЕРМЕК МҰҚАТАЙ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Дін қызметкерінің білімі – қоғаммен дұрыс әрі нәтижелі жұмыс істеудегі негізгі құралдардың бірі. Сондықтан имамдар діни білімін тұрақты түрде жетілдіріп, кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруы маңызды. Бұл – халыққа дұрыс бағыт-бағдар беріп, діни мәселелерді сауатты түсіндіруге мүмкіндік береді.
СНХ: ХАМЗАТ ӘДІЛБЕКОВ, СҚО БАС ИМАМЫ
СНХ: ШЫҢҒЫС ҚАЙЫРЖАН, «ЖҰМАНҚОЖА» АУДАНДЫҚ МЕШІТІҢ ҰСТАЗЫ, Ғ. МҮСІРЕПОВ АУДАНЫ
Аттестаттауға өңір бойынша 100-ге жуық дін қызметкері қатысып жатыр. Емтихан екі күнге созылады. Айта кетейік, республикалық аттестаттау 3 жылда бір рет өткізіліп тұрады.