Негізгі Жаңалықтар Петропавлда дін саласы мамандарына арналған семинар өтіп жатыр

Петропавлда дін саласы мамандарына арналған семинар өтіп жатыр

Петропавлда дін саласының мамандарына арналған оқыту семинары басталды. «Діни экстремизмге қарсы іс-қимылдағы профилактика мен оңалтудың тиімді тетіктері» тақырыбындағы іс-шараны облыстық дін істері басқармасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Екі күнге жоспарланған жиында діни экстремизмнің алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мәселелері қарастырылады.

Семинардың мақсаты – діни экстремизмнің алдын алуға атсалысатын мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру. Жиынға әкімдік, ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, теологтар, психологтар, ақпараттық-түсіндіру топтары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуда. Мамандар профилактикалық және ақпараттық жұмыстарды тиімді жүргізу тәсілдерін талқылайды.

СНХР: ДМИТРИЙ ПОЛТАРЕНКО, «ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Сонымен қатар, іс-шарада жасөспірімдермен жүргізілетін профилактикалық жұмысқа да басымдық берілді. Себебі жастар әлеуметтік желідегі түрлі ақпарат пен деструктивті контенттің ықпалына жиі ұшырауы мүмкін. Сарапшылар олармен дұрыс диалог орнатып, мұндай ақпараттың алдын алу жолдарын түсіндіреді.

СНХР: ГҮЛНАР РАЗДЫҚОВА, ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ

Оқыту семинары 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Мамандар аудандарды аралап, профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, Қазақстанда экстремистік деп танылған 24 ұйымның қызметіне тыйым салынған. Оның 21-і діни ұйымдар санатына жатады. 

Бөлісу