Өңірде күзгі жиын-терім жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні диқандар егіннің 53 процентін жинап үлгерді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аграрийлерге барлық қолдау шаралары көрсетілуде. Айта кетейік, биыл ауа-райының қолайсыздығына байланысты орақ науқанын ойдағыдай аяқтау мүмкін болмай отыр. Сол себепті облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов аудандарды аралап, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілермен кездесу өткізіп жатыр. Әріптесімнің бейнесюжетіне назар аударайық.


 Ең алдымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов «Якорь Агро» ЖШС-нің диқандарымен кездесті. Шаруа күзгі жиын-терім жұмыстарын тамыз айында қолға алған. Ауа-райы бұзылып, жауын-шашын мөлшері көбеймей тұрып серіктестік егіннің 20 пайызын ғана орып үлгерген. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 60 процентке жеткен. Әзірге орташа өнімділік гектарына шамамен 25 центнерді құрайды. Шаруашылықтың бидай кептіргіші бар. Енді жанар-жағармай тапшылығы мәселесі шешілсе екен дейді.


МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Бүгінгі күні біз 10 мың тонна жанар-жағармайға өтінім білдірдік. Әрине, оның бағасы да төмендетілген болады. Басты мақсатымыз - өңір аграрийлеріне орақ науқанын сәтті аяқтап, егінді толығымен жинап алуда қолдау көрсету.


 Биылғы жылы облыс диқандары 4,5 млн гектардың 3,4-не дәнді және дәнді-бұршақты дақыл егілді.Бүгінгі күні соның 1,9 млн гектары бастырылды.Осылайша орташа өнімділік гектарына шамамен 9,5 центнерді құрады. Жиналған астықтың 500 мың тоннасы қоймаларға жеткізілді.


МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Мемлекеттік поддержка берілді. 58,9 мың тонна берілді. Қзазіргі уақытта АШМ арзандылтағн бағамен бермекші. Правила шықөан соң шаруашылқытарғ атаратып береміз. 10 мың тоннаға субсидялауға 63 млрд болып шқыты соының 23і растениводствоға қаралды.


 Ал, «СК Вагулинское» ЖШС-інің қарамағында 7 мыңнан гектардан астам жері бар. Биыл соның 6 мың 373-не бидай еккен. Қазіргі таңда шаруашылық егіннің 60 пайызын жинап үлгерген. Ауа-райы қолайлы болса, қалғанын қысқа мерзімде жинап аламызба деп отыр серіктестік басшысы Виктор Редин.


ВИКТОР РЕДИН, «СК ВАГУЛИНСКОЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

-  Әрине басты проблема ол ауа-райының қолайсыздығы болды. Соған қарамастан техниканы тоқтатпай, барынша егінді тез жинап алуға тырыстық. Жалпы, егін шығымдылығы жақсы.


 Айта кетейік, аграрийлер келер аптаның аяғында дәнді дақылды жинап алмақ ниетте. Кейін майлы дақылды оруға кіріспек.


Майгүл Сейілбек