Облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысында полицейлер мен қоғам қайраткерлері жалпы білім беретін мекемелерге жақын жолдарға жасанды кедергілер орнату мәселесін талқылады.. СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов атап өткендей, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау және профилактикалық әңгіме жүргізу жеткіліксіз, барлық мүдделі тараптардың жұмысына кешенді көзқарас, бірлескен іс-әрекет қажет.


Биылғы 7 айда облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 44 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 3 бала қаза тауып, 48-і әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Петропавл қаласының аумағында 41 жалпы білім беретін және 35 мектепке дейінгі мекеме орналасқан.


Серік Әлжанов — СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Автожолдарды күтіп ұстауды мемлекеттік қадағалау аясында 18965 шақырымға 1456 тексеру жүргізілді, өткен жылы - 1167, оның барысында жол жүрісі қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 3840 кемшілік анықталды, кемшіліктерді жою жөнінде биыл 778, өткен жылы 728 нұсқама берілді.


КОРР: СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов атап өткендей, 10-17 тамыз аралығында полиция қызметкерлері балалар мекемелеріне іргелес жатқан көше-жол желісіне тексеру жүргізген. Қазіргі уақытта Петропавл қаласында тек 19 учаске жасанды кедергілермен жабдықталғаны анықталды. Серік Әлжанов қоғам белсенділеріне, сондай-ақ отырысқа шақырылған қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіровке көше-жол желісіне жүргізілген мониторингтің нәтижелері туралы баяндады. Жолдарды орташа жөндеуге байланысты алынып тасталған жасанды кедергілері бар учаскелер мен көшелер туралы да айтылды. Консультативтік-кеңесші органның мүшесі Александр Казанцев жасанды кедергілерді қалада ғана емес, елді мекендерде орнату қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ қоғам өкілі балаларын сабаққа әкелетін ата-аналарға мектептердің жанында көліктерін қою үшін автотұрақтарды ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.

СНХР: Александр Казанцев — СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшесі (Құрылыс нормативтері бойынша екі қабатты ғимараттан тротуарға дейін қауіпсіз аймақ болып саналады, жолға дейінгі аралық 20 метр болуы тиіс. Біздің мектептердің аумағында 2 гектар жер бар. Менің айтпағым, спорт алаңын, жасыл аймақты азайту емес. Бұл нормативтердің бекітілуі орынды) 02949.MTS 0.31-1.02


Сондай-ақ консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов пен басқа мүшелер электрлі самокаттарды мінетіндер арасында жол жүрісі қағидалары бұзушылықтарының алдын алуды одан әрі күшейтуді, полицияның модульдік бекетін Байболов көшесінен «Береке» саябағына көшіру мүмкіндігін зерделеуді және интернет-алаяқтықтарды ашу мен алдын алу жөніндегі жұмысты жандандыруды ұсынды.