19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әнші ақындар тобының көрнекті өкілдерінің бірі - ақын, әнші, сазгер Ақан Қорамсаұлының туғанына биыл 180 жыл. Ерекше поэзиясымен ел есінде қалған өнер иесінің еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Петропавлдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Сымбаты бөлек сырлы әлем» атты әдеби кеш өтті.
Жиынға келгендер Ақан серінің өмірі, поэзиясынан сыр шертетін көркем фильмді тамашалады. Ақынның жанына медеу болған аты «Құлагер», ғашығы «Ақтоты» жайлы фактілер жиналған жастардың қызығушылығын туғызды. Ақынның өмірде шын есімі Ақжігіт екені, қалайша Ақан сері атанғаны жайлы, Ақанның дін шарттарын орындамағаны, сүйіктісі Ақтотыға арнап шығарған «Балқадиша» «Ұрқияжан» сияқты әйелдер бостандығына арналған және бүгінге дейін халық аузында орындалып жүрген әндері жайлы айтылды. Ақын өмірінің соңғы жылдарын жалғыз мылқау баласы Ыбанмен өткізген. Қазақ ақындарының ішінде айрықша орны бар Ақан сері Қорамсаұлы 70 жасына қарағанда өмірден өткен.