Петропавлда 8 жасар қызды зорлаған ер адам жазадан құтылды. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мальченкоға қатысты шешім шығарылды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың шілде айында Ольшанка ауылындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан Айыртау ауданының 27 жастағы тұрғыны балаға зорлық-зомбылық жасаған болатын.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, сотталушы қылмыстық әрекеттерді жасау кезінде ақыл- есі дұрыс емес деп танылған. Сондықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің заңына сәйкес ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бірақ психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде емделетін болады.
ЕРЛАН НҰРШӘРІПОВ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
- Мальченкоға қатаң бақылаудағы мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда емдеу шаралары тағайындалсын. Процессуалдық шығындар мен жәбірленушіге өтемақы мемлекет есебінен төленетін болады.