Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Ақылдан ойға сыр тарап» атты әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізді. Іс-шараға жазушы, журналист Жақсыбай Самрат, облыстық "Шәкәрім оқулары" байқауының 2 орын иегері Жамбыл Сейілхан қатысты.
Шәкәрім Құдайбердіұлы- ақын,жазушы,философ,тарихшы,композитор. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Бірақ Шәкәрім әкесінен 7 жасында айырылып Құнанбайдың тәрбиесіне алынған. Ақын, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білген. Шәкәрім, білім мен ғылым жолын кеш бастаған. Жақсыбай Самраттың айтуынша, жазушы орыс халқының ұлы ақындарының бірі Лев Толстоймен де хат алмасып тұрған екен.
ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ:
Тікелей эфир барысында №25 орта мектептің оқушысы, облыстық "Шәкәрім оқулары" байқауының 2 орын иегері Жамбыл Сейілхан қатысып ойшылдың «Біреудің мінін кешірсең» атты өлеңін оқып берді.