Қазақстанда шілде айының екінші жексенбісінде балықшылар күні аталып өтеді. Осыған орай Алакөл жағасында балық аулаудан жарыс өтті. Оған 30-ға жуық балықшы қатысты. Іс-шара соңында сала үздіктері мен ардагерлері марапатқа ие болды.
Солтүстік Қазақстан облысы флора мен фаунаға бай. Бүгінде облыста екі мыңнан астам су қоймасы бар. Сәйкесінше елімізде жыл сайын балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Республикалық есепте Солтүстік Қазақстан облысы балық өсіру кәсібі бойынша үшінші орында. Ал көшті Түркістан мен Шығыс Қазақстан облысы бастап тұр.
МИХАИЛ НИКИТИН, СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Жалпы облыста барлығы 150 балық шаруашылығы субъектісі бар. Бүгінде осы саланы дамыту бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынған. Тауарлық балықты10 мың тоннаға дейін өсіру жоспарда.
Балық аулаудан жарыс таңғы 6-да басталды. Бірі олжалы болып жатса, енді бірінің қармағына ештеңе ілікпепті. Жарысты төреші Вячеслав Смирнов бақылады. Зейнеткердің бұл саладағы еңбек өтілі – 65 жыл.
ВЯЧЕСЛАВ СМИРНОВ, ЖАРЫС ТӨРЕШІСІ:
- Жарысқа әр жеке кәсіпкерліктен 2-3 балықшы қатысып жатыр. Олар 2 сағат бойы балық аулады. Балықтардың салмағын өлшеп тізімге енгіздік. Енді жеңімпаздар анықталады.
Балық шаруашылығы ел экономикасына едәуір үлес қосады. Іс-шараға келген қонақтар арасында облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаев болды.
ЕРЖАН БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
- Бүгін балықшылар күніне келіп қалдық. Өте қуаныштымыз. Біз білеміз СҚО балық өсіруде 3 орында. Бұл бізді қуантады.
Іс-шара спорттық бағдарламамен өз жалғасын тапты. Балықшылар волейбол, дойбыдан жарысқа түсті. Алакөлге келген қонақтар балықтар көрмесін тамашалап, балық сорпасынан дәм татты.