Қазақ әдебиетінің жарқын өкілі, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 130 жыл. Мерейлі датаға орай облыс тұрғындары Петропавлда Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақиқ ақынның рухына тағзым етті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Айдарбек Сапаров та қатысты.
Мағжан Жұмабаев қазақтың бір туар ақыны. Жалынды жырлармен талайдың жанын жылытып, үміт отын жаққан ақынның өлеңдері бүгінгі күнге дейін өзінің мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Бүгін ақиық ақынның ескерткішіне жиналған жұрт оның рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында ақын қоғамдық саяси өмірге белсене араласып,ел болашағы жолында еңбек етті. Ол егеменді ел болуды армандап, алаш ұранымен Қазақ даласына үн қатқан тұлғалардың бірі. Табиғатынан талантты ақын 20 ғасырдың тауқыметін өз өлеңдерімен сипаттап, қазақ халқынның еркіндікті ансаған ұмытылысын ерекше бейнеледі.
ЖАНАТ МҮСІЛІМОВ, М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ ҰРПАҒЫ:
- «Бүгін Мағжан атамыздың 130 жылдығына жиналғанымызға барлығын құттықтаймын.Атамыз сондай қиын өмір көріп осы күнге жете алмады.»
Мағжан Жұмабаев қазақ әдебиетінің дамуына ерекше үлес қосты. Жерлесіміздің қайсар рухы мен жерге деген сүйіспеншілігі әрдайым ұрпақ жадында қалатыны сөзсіз.