Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай әдеби кеш өтті. Оған оқырмандар, студенттер, оқушылар және зиялы қауым өкілдері қатысты.


Мағжан Жұмабаев - қазақтың атақты ақыны, алаш қайраткері. Ол 1893 жылы 25 маусым күні дүниеге келген. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық , ұлт-азаттық , демократияшыл бағытты ұстанды. Кеңес үкіметі кезінде Мағжанға ағылшын , жапон тыншысы деген айып тағылған болатын.


 ГҮЛМИРА ТЕМІРҒАЛИҚЫЗЫ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

- «Іс-шараның мақсаты «Мағжан өлеңдерінің әуендері» атты марафон өттіп тұрады. Соған бізге осы кітапхананың жиынан құралған жас қаламгерлер клубы бар. Солардан студенттер оқушылар және Бескөл аудан орталығынан келген оқушылар қатысып,Мағжанның өлеңдерін мәнерлеп айтты.»


Бүгінгі іс-шара барысында жиналған қауым Мағжан жайлы әзірлеген баяндамалары мен өлеңдерін оқыды. Кешті Ақан сері атындағы облыстық филармонияның оркестрі сүйемелдеді.


 Жиынға қатысқан әр жан өзіне рухани және әдеби азық алып қайтты. Солардың қатарында Әдемі Қадырова да бар.


ӘДЕМІ ҚАДЫРОВА, ОҚЫРМАН:

- «Осындай іс-шараға келіп тұрамыз үнемі . Яғни Мағжан туралы үйренетініміз көп, оны зертейміз ол туралы жаңа мәліметтер білеміз. Біздің мақсатымыз осы үлкендер айтқан нәрселерді өзіміздің жадымызға сақтаймыз »


Іс-шара соңында «Мағжан өлеңдерінің әуендері» марафонына қатысқан жандарға диплом мен алғыс хаттар табыс етілді.