Петропавлдағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне ботаникалық бақта экскурсия өткізілді. Іс-шара 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты филиалының бастамасымен ұйымдастырылған.


 Петропавлдағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылында қазіргі уақытта 40 тәрбиеленуші бар. Бүгін олардың 30-ға жуығына ботаникалық баққа экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балақайларға арнайы мереке ұйымдастырылып, балмұздақтар тегін таратылды.


-  Маған өте қатты ұнады, мен бұл жерге бірінші рет келіп тұрған жоқпын. Ұйымдастырушыларға бізге осындай керемет көңіл күй сыйлағандарына алғысымды білдіргім келеді.

- Мен ботаникалық баққа екінші рет келіп отырмын. Бұл жердің атмосферасы өте керемет. Түрлі жануарларды көрдім. Бүгін ұйымдастырушылар біздің мейрамға орай арнайы бағдарлама әзірледі. Балмұздақтан да дәм таттым. Көңіл-күйім керемет.


 Бүгінгі ІС-шараның ұйымдастырушысы облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты филиалы мен «Аманат» партиясының өкілдері. Олар тек мұнымен ғана шектелмей, мерекеге орай Полудино балалар үйіне де баруды жоспарлаған.


 БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бұл шараның мақсаты, балаларымызға көңіл бөлу, мерекесімен құттықтау. Одан бөлек бүгін Аманат партиясымен бірге отбасы үлгісіндегі балалар үйіне тағы да бару.Бұл еліміздегі маңызды балаларды қорғау күні. Сондықтан да. Бұл шараны біз арқашан қолдаймыз.


 Ұйымдастырушылар ертең де облыстық алаңда 300-ге жуық баланы қамтып, мерекелік іс-шара ұйымдастырмақ.