31 мамыр – жаппай саяси қуғын-сүргіннен қаза болған адамдарды еске алу күні. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бұл жылдары 160 мыңнан астам Қазақстандық саяси репрессияға ұшырап, оның 25 мыңы атылған.


Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілген. 2021 жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бұйрығымен дәл осы жазықсыз репрессияға ұшырағандар туралы мәлімет жинақтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның облыстық филилалы дін өкілдеріне қатысты респерессиялар тізімін анықтау үшін қазіргі уақытта жұмыс істеп жатыр. Алдын-ала болжам бойынша 100 солтүстікқазақстандық азамат қуғын-сүргін құрбаны болған екен.


ЗӘУРЕ КАРТОВА, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫН КАНДИДАТЫ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- 1997 жылдан бастап 31 мамыр аза тұту күні ретінде ресми түрде бекітілді. Бүгінгі таңда барлық Қазақстан қалаларында арнайы ескерткіштер ашылып, гүл шоқтарын қою арнайы ұйымдастырылуда. Бұл өте маңызды. Тәрбиелік те әлеуметтік те маңызы зор. Себебі, тарих жадымызда сақталу үшін оған біз әдір баға беруіміз керек.