Петропавлда санитарлық тазарту айлығы өтіп жатыр. Оның аясында облыс орталығында 50 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Қазіргі уақытта оның 90 пайызы жойылып, нәтижесінде өткен 1 жарым айда 2 мың текше метр қоқыс полигонға шығарылған.


 Айлық аясында зираттарды қоқыстан тазарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Новопавловка мен Жұмысшы кентіндегі зират соңғы 3 жылда қоқыстан тазартылмаған. Мамандардың сөзіне қарағанда, қоқыстардың көбі бейіт жанына жиналған. Ол жерлерге техникалар өте алмағандықтан, тұрғындар қоқысты қапшықтарға салып, орталық алаңға шығарғаны жөн. Петропавлдағы тұрғын үй секторындағы қоқыстарды тазару жұмыстары да қолға алынған. Тариф бағасы қымбаттағандықтан,көшелердегі қоқыс жәшіктерінің саны көбейіп жатыр. Осы мақсатта қалалық әкімдік 100 жаңа евроконтейнер сатып алған.


ЭЛЬМИРА СӘДУАҚАСОВА, ПЕТРОПАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Петропавл қаласында ірі габаритты қоқысты шығару жұмысы өткір тұр. Өздеріңіз білетіндей қазір қатты қалдықты шығару бойынша тарифке ол енбейді. Яғни, бұл жұмысты тұрғындардың өздері немесе ОСИ және КСКка атқаруы тиіс. Алайда, бұл жұмыс өте сылбыр атқарылып жатқандықтан шаруаға қалалық әкімдік қосылдық. Қазір ірі габаритті қоқысты шығару жүріп жатыр. Бүгінде полигонға ірі габарит пен зираттан шығарылған шамамен 700тоннадай қоқыс шығарылды.