Негізгі Жаңалықтар ҚР ҰҰ академиясына 200-ге жуық курсант қабылданды

ҚР ҰҰ академиясына 200-ге жуық курсант қабылданды

Ұлттық ұлан академиясының саптық алаңында бірінші курс курсанттарының әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Биыл Петропавл қаласындағы академияға 200-ге жуық жас курсант қабылданды. Олардың қатарында Тәжікстан және Қырғызстан Республикасынан келген оннан астам курсант бар. Салтанатты рәсімде жас сарбаздар Отанға адал қызмет етуге және әскери борышын абыроймен атқаруға ант берді.

1 қыркүйек – Білім күні еліміздегі барлық білім ордаларында жаңа оқу жылы басталды. Ұлттық ұлан академиясында да бірінші курс курсанттары оқу жылын бастады. Саптық алаңда жас курсанттардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Олар Отанға адал қызмет етуге және әскери міндеттерін абыроймен атқаруға ант берді. Салтанатты жиынға ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Бекайдар Казкеев қатысты. Сонымен қатар іс-шараға өңірдің әскери және құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың бірінші басшылары қатысты.

БЕКАЙДАР ҚАЗКЕЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Жас курсанттардың ант қабылдау рәсіміне арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов та өз тілегін білдірді.

ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ант қабылдаған жас курсанттардың қатарында Мұхаммед Құдайберген де бар. Ол академияда әскери психолог мамандығын меңгеріп, болашақта әскери қызметшілерге психологиялық қолдау көрсететін маман болмақ.

МҰХАММЕД ҚҰДАЙБЕРГЕН, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 1-КУРС КУРСАНТЫ

Курсанттар үшін бұл күннің маңызы ерекше болса, ата-аналар үшін қуанышы одан да бөлек. Ұлдарының әскери ант қабылдауына еліміздің әр өңірінен арнайы келген ата-аналар салтанатты сәттің куәсі болды. Олар балаларының таңдаған жолына қолдау білдіріп, алдағы оқуына сәттілік тіледі

ЖАНАР САПЕНОВА, АТА-АНА

Академияда офицерлер 8 мамандық бойынша даярланып, оқу 11 кафедрада жүргізіледі. Сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру факультеті жұмыс істейді. Биыл сондай-ақ үшінші жыл магистратура бағдарламасына офицер-тыңдаушылар қабылданып отыр. 



Бөлісу