Негізгі Жаңалықтар Қазақстан халқы тілдері күніне арналған басқосу

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған басқосу

Петропавлда Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Жиында Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы өсиеттері айтылып, зиялы қауым өкілдері ана тілімізді ардақтау мен отбасыда қазақша сөйлеудің маңызын сөз етті.

"Ана тіл - әр халықтың қастерлі құндылығы. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл". Бұл - Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының сөзі. Қыркүйектің 5-ші жұлдызында тау тұлғаның туған күні және Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтіледі. Осыған орай Петропавлда "Ана тілім - ажарым, асыл мұрам" атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Тағылымы мол жиында зиялы қауым өкілдері сөз алып, ғажап тіліміз жайлы пікір білдірді.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, жазушы, журналист:

Кезінде Алаш арыстары тіліміз, ұлтымыз жоғалып кетпес үшін күш салды. Солар бүгінгі жастарға үлгі болуға тиіс. Ұлттық ұланның Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінде ана тілімізге ерекше көңіл бөлінеді. Сарбаздары қазақ тілінде сабақ оқиды, өлең жаттайды, ән де айтады.

АЗАМАТ КҮНШЫҒАРОВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің жауынгері:

"Ана тілім - ажарым, асыл мұрам" атты әдеби-музыкалық кеште жергілікті тіл жанашырларының жұмысы қорытындыланып, жеткен жетістіктері сөз болды.

Бөлісу