Негізгі Жаңалықтар СҚО ТЖД қызметкері қоян-қолтық ұрыстан ҚР кубогының жеңімпазы атанды

СҚО ТЖД қызметкері қоян-қолтық ұрыстан ҚР кубогының жеңімпазы атанды

СҚО ТЖД қызметкері Алина Гарап қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы кубогының жеңімпазы атанды. Щучинск қаласында өткен спорттық додада жерлісіміз 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жас маманның спорттағы жетістіктері аз емес, ол бұған дейін де түрлі спорттық бәсекелерде жүлделі орындар алып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. 

Алина қоян-қолтық ұрыс спортына осыдан үш жыл бұрын келген. Бұған дейін жеті жыл баскетболмен айналысқан. Кейін боксқа қызығушылық танытып, оның негіздерін меңгере бастаған. Уақыт өте келе қоян-қолтық ұрыс, кикбоксинг және аралас жекпе-жек бағыттарын да игере бастаған.

СНХ: АЛИНА ГАРАП - СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ

Алинаның спорттағы жетістігі- жүйелі жаттығу мен табанды еңбектің нәтижесі. Жарыс барысында Алина жекпе-жектерін сенімді өткізіп, жақсы физикалық дайындығын, төзімділігін, күш-жігерін және жеңіске деген жігерін көрсете білген. 

СНХ: ЖАЛҒАС ТОРТУЛОВ - АЛИНАНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағында қызметтегі әр күн жауапкершілік пен сақтықты талап етеді. Сондықтан қызметкерлер кез келген уақытта дабылға дайын болып, қиын сәтте шұғыл әрекет етуі тиіс. «Алина бұл міндетке жауапкершілікпен қарап,кез келген тапсырманы тиянақты орындайды»,- дейді жасақ бастығы.  

СНХ: НИКОЛАЙ БЕЛОУСОВ — СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ.

Құтқарушының қызметі мен спорттағы жетістіктің негізінде ортақ қасиеттер жатыр. Бұл – тәртіп, табандылық, төзімділік және кез келген қиындыққа дайын болу. Алина үшін спорт – физикалық дайындығын шыңдаумен қатар, ерік-жігерін күшейтіп, мінезін қалыптастыратын маңызды құрал. Жас маман жауапты қызметін абыроймен атқара жүріп, спорттағы қабілетін де одан әрі жетілдіруді мақсат етіп отыр.

Бөлісу