Негізгі Жаңалықтар Қарттарға қамқорлық

Қарттарға қамқорлық

Қыркүйек айында Дүниежүзілік алғыс айту күні аталып өтеді. Осыған орай Петропавл қаласындағы Жастар ресурстық орталығы ай бойы түрлі тақырыптық іс-шаралар өткізуде. Айталық, «Шын жүректен қуаныш сыйлаймыз» атты акция барысында жастар қарттар үйіне барып, аға буын өкілдеріне жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Надежда» қарттар үйіне арнайы келген қонақтар мерекелік көңіл-күй сыйлап, концерттік бағдарлама ұсынды. Қарттарға ән шырқалып, би биленіп, әзілге толы көңілді қойылымдар көрсетілді.

ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ 

Мерекелік концертті Қазақ зағиптар қоғамының өнерпаздары ұйымдастырды. Әншілер мен музыканттар қарттарға 40 минут бойы ән мен күйден шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Алғыс айту күні – жанымызға жылу сыйлап, қолдау көрсеткен жандарға ризашылығымызды білдіретін ерекше күн. Ал бұл күннің басты мәні – мейірім мен жылулықты назар мен қамқорлыққа мұқтаж жандарға сыйлау.


Бөлісу