Негізгі Жаңалықтар Үлкен спортқа бастар жол

Үлкен спортқа бастар жол

Үлкен спортқа алғашқы қадам қарапайым мектептен басталады. «Жеңіс» олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 8 бағыты қамтылған. Соның бірі – шеберлік пен дәлдікті талап ететін семсерлесу.

Семсерлесу – шеберлік пен дәлдікті қажет ететін спорт түрі. Альберт Беккер бұл спортпен екі жылдан бері айналысып келеді. Рапираны серік еткен жас спортшы таңдаған бағытына өкінбейді.

АЛЬБЕРТ БЕККЕР, «ЖЕҢІС» ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БЖСМ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ

Командалық ойындар мен жекпе-жек спорттарынан ерекшелігі – семсерлесуде шапшаңдықпен қатар, дәлдік пен тактикалық ойлау маңызды. Бұл спорт түріне 7 мен 12 жас аралығындағы балалар қабылданады.

ЕЛЕНА САВЕЛЬЕВА, СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ-ОҚЫТУШЫ

Спорт мектебіне бүгінде 800-ден астам бала қатысады. Тұрақты түрде спортпен айналысу баланы қиындықтарды жеңуге үйретіп, тәртіпке баулиды және өзіне деген сенімін арттырады. 

САБЫРЖАН ӘБІЛТАЕВ, «ЖЕҢІС» ОРМБЖСМ ДИРЕКТОРЫ

Спортпен айналысу және дене белсенділігі – балалардың дамуының маңызды бөлігі. Спорт денсаулықты нығайтып, тәртіпке үйретеді және мінез-құлқын қалыптастырады.


Бөлісу