Негізгі Жаңалықтар М. Жұмабаев ауданында орақ науқаны қыза түсті

М. Жұмабаев ауданында орақ науқаны қыза түсті

Аграршылар үшін күзгі жиын-терім жұмыстарына дер кезінде шығу – өнімді ысырап етпеудің кепілі. Сондықтан шаруашылықтың техникалық жарақтандырылуының маңызы ерекше. М. Жұмабаев ауданындағы «СК Агро 2050» ЖШС-де ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңартуға мемлекеттік қолдау бағдарламалары септігін тигізіп келеді. Соңғы жылдары мұнда жаңа комбайндар, тракторлар мен тұқым себу кешендері сатып алынған. Бүгінде шаруашылық 32 мың гектар алқапта егін жинау науқанын жалғастыруда.

М. Жұмабаев ауданындағы «СК Агро 2050» ЖШС-де егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Бүгінде егістік алқаптарының 30 пайыздан астамы жиналды. Жиын-терім жұмыстарында 32 комбайн жұмыс істеуде. Мұнда дәнді және майлы дақылдар бастырылуда. Дәнді бұршақты дақылдар толығымен жиналып болды. Келесі кезекте күнбағыс жинауға кірісу жоспарланып отыр.

СНХР: АНДРЕЙ ВАГУЛИС – ЖШС АГРОНОМ-ЕСЕПШІСІ

Жалпы шаруашылық 32 мың гектар жерге егін еккен. Оның 11 мың гектардан астамын бидай алқабы алып жатыр. Сонымен қатар зығыр, күнбағыс, рапс, арпа және жүгері өсіріледі. Алғашқы жиналған алқаптардағы өнімділік гектарына 17–20 центнер және одан да жоғары көрсеткішті құрап отыр. Орақ науқыны жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін шаруашылық техниканы белсенді түрде жаңартып, мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланады.

СНХР: НИКОЛАЙ КЛЯЙН – ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Компанияның ауыл шаруашылығы техникасы паркінде шамамен 200 бірлік техника бар. Мұнда 260-тан астам адам еңбек етеді. Орташа еңбекақы – 350 мың теңгеден жоғары. Мал шаруашылығы бағыты да дамып келеді. Биыл серіктестікте Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі тауарлы-сүт фермасы іске қосылды.

Бөлісу