Петропавл маңындағы Алакөл жағасында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалалық әкімдік мамандарының сөзіне қарағанда, жағажай аумағына 1300 шаршы метр керамикалық плита төселеді. Оның 400 шаршы метрі жаңа фарфор плиткаларына ауыстырылады.


Сонымен қатар, Алакөлдегі стелла да жөндеуден өтеді. Ойын алаңдарына 900 шаршы метрды кұрайтын көгал төсеу жоспарланған. Жаттығу алаңында да ағымдық жөндеу жүргізіледі. Қираған спорттық құрал-жабдықтарды қайта құру жоспарланған. Әкімдік мамандарының айтуынша, жағажайдағы шағын архитектуралық формаларды да қалпына келтіру жұмыстары қолға алынады. Шомылу маусымы басталғанға дейін көл жағасында киім ауыстыратын бөлмелер мен көлеңкелі қолшатырлар ретке келтірілмек.