«Динамо» стадионында Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаевтың қатысуымен полицияның кешенді күштерінің жалпыгарнизондық таратуы өтті. Руслан Аңбаев жаз мезгіліне арналған қалалық полицияның негізгі міндеттерін атап өтіп, облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов бірқатар белсенді қала тұрғындарын алғыс хаттармен марапаттады.


Қалалық полиция басқармасының патрульдік полицейлері, учаскелік полиция инспекторлары, полиция департаментінің, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері – күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға бірнеше ауысымда жүздеген әскерилер мен тәртіп сақшылары жұмылдырылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қаланы абаттандыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешуде белсенділік танытып, азаматтық ұстанымын көрсеткені үшін петропавлдық үш тұрғын облыстық полиция бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.


 АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші – азаматтардың сенімі мен қауіпсіздігі. Біздің әрқайсымыз адамдармен жұмыс істейміз. Сіздерге қарап азаматтырмыз полицияға ғана емес, жалпы мемлекетке баға береді. Сондықтан қызмет барысында Әдеп кодексі мен қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау қажет.


 Руслан Аңбаев полиция департаментінің басшылығымен және департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметовпен бірге патрульдік полиция батальоны автотехникасының жай-күйімен танысып, жазғы маусымда ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар мәселелерге тоқталды.


 РУСЛАН АҢБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Шомылу маусымымен бірге мотоциклшілер де жолға шығады. Сәйкесінше бұл уақытта олардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары болуы мүмкін. Қос дөңгелекті көлік құралының көптеген жүргізушілері жылдамдықты асыруға құмартады. Сондықтан Жол жүрісі қағидаларының сақталуын қадағалауды күшейту қажет.


 Бұл күні полицейлердің саптық даярлығы тексерілді. Жалпыгарнизондық тарату ведомствоның мәдени орталығының үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен өткен дәстүрлі салтанатты маршпен аяқталды.