Халқы тығыз орналасқан өңірлерден жұмыс күші тапшы облыстарға қоныс аударту. Осы бағдарлама аясында соңғы 5 жылда Уәлиханов ауданына 835 адамнан тұратын 218 отбасы көшіп келген. Мемлекет тарапынан әр үйелмен мүшесіне бір реттік субсидия төленіп, қажетті жағдайдың бәрі жасалды. Бүгінде олардың басым бөлігі ауылдық жерлерге қоныстанып, мал шаруашылығымен айналысып жатыр. Бұл жөнінде әріптесім Майгүл Сейілбек сабақтасын.


 Абзал Мырзаев пен Роза Сейдақбарованың отбасы Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылына Шымкент қаласынан 2019-шы жылы көшіп келді. Оңтүстікте отағасы жеке кәсіппен айналысса, жұбайы Роза ошақ қасында балаларына қараған. Солтүстікке қоныс аударғасын Абзал мәдениет үйіне жүргізуші болып жұмысқа кірген. Қазір мәдениет бөлімінде еңбек етеді.


АБЗАЛ МЫРЗАЕВ, КІШКЕНЕКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-  Егін шаруашылығымен қазір айналысып жатқан жоқпыз. Құдай қаласа болып қалады деген ойдамыз. Картоп егеміз үйге, жылда 70-80 соттыққа егеміз. Мал қырда. 2 жылқы бар.


 Ерлі зайыпты 4 баланы тәрбиелеп отыр. Үлкен қыздары 16-да, кенжелері 8-де. Барлығы мектепте оқиды. Ал, отанасы Роза болса үйде самса, пицца пісіріп, тапсырыс қабылдайды. Болашақта «Бастау Бизнес» бағдарламасымен білім алып, өз кәсібін ашуды ойластыруда.


РОЗА СЕЙДАҚБАРОВА, КІШКЕНЕКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-  Біз келгенде балаларым кішкентай еді. Қазір өсіп қалды. осы жақта қаалмыз дейді. Келгенде грант алдық, мал алдық. Ноябрьден абстап самса істеп шағын цех аштық. Мен пісірем жолдасым таратады. Ойда бар кішкене ашып, бизне ашып, здание алып үлкейтеміз деп отырмыз.


Ал, Қуанжан Бағашар мен Пәрида Мұхамедқали 2019-шы жылдың желтоқсанында Қытай мемлекетінің Іле облысы Текес ауданынан көшіп келді. Бастапқыда Алматы қаласында тұрған отбасы ол жақтан жұмыс таба алмай Солтүсік Қазақстанға қоныс аударған. Қазіргі таңда ерлі зайыпты Кішкенекөлде тұрып жатыр.


ҚУАНЖАН БАҒАШАР, КІШКЕНЕКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-  Бұл аудан үй берді. Үйде тұрдық. Грант алдық. Оқып. Қой бағамыз деп. Бұл жақты ңжері кең мал өсіреміз деп. Былтыр 25 қой алдық. Қазір басы 50 ге жетті. Енді көбейтсек пе дейміз. Келіншегім де оқып, аспаз болсам ба дейді. Кәсіп ашуды ойлап отырмыз.


Отағасы Қытайда полиция саласында еңбек еткен. Ал, Пәрида жалғыз ұлды бағып, үй шаруасында болған. Қуанжанның сөзіне қарағанда, Қазақстанға көшулерінің басты себебі ол жақта қазақ мектептері жабылып, тіл мен дінге шектеу қойыла бастаған. Балалары ана тілі мен дінін ұмыта ма деп қорқып ерлі зайыпты туған жеріне оралған.


ҚУАНЖАН БАҒАШАР, КІШКЕНЕКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-  Балаларымыз үшін өзіміздің атамекен, балаларымыз қазақ болсын, ұрпақ үшін келдік. Бұл жақ жақсы қарсы алды. Тағы да туыстарын босла шақырындар деп. Ондай да ой бар. Жер алып, өзіміз дұрыстап орныққасын келеміз деп жатыр оларда.


 Жалпы, соңғы 5 жылда Уәлиханов ауданына 835 адам көшіп келді. Олар негізінен Шымкент, Түркістан, Тараз қалаларынан қоныс аударды. Келгендердің 50-ге жуығы өз кәсібін ашқан. Бұдан бөлек, ауданда Қытайдан көш түзеген 2 отбасы тұрып жатыр.


ЗӘУРЕШ МҰСАБАЕВА, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Ең біріншіден көшу субсидиясы төленді, әр адамға 241 мың 500 теңге төленеді. Егер жаңа үйге кірмеймін десе ай сайын 24 млн тағы бөлінді. Ай сайын 62 мыңнан төленеді, 5 адамнан артық болса 72 мың төленеді. Осы жылдан бастап сертификат мобильности деген бар. Соның аясында 4 млнға үй сатып алуға болады.


 Биыл Уәлиханов ауданы тағы 58 отбасын қабылдамақ.


Майгүл Сейілбек