Жазғы демалыс қарсаңында ӨҢІР жолдарында полицейлер жол қозғалысы ережеСІН БҰЗУДЫҢ 3 мыңға жуық дерегін анықтады. Полиция жолдардағы балалардың қауіпсіздігін нығайту үшін қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқандығы туралы облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің материалдарынан біле аласыздар.


 Демалыс уақыты жақындап қалды. Жазда көшеде бала саны артады. Осыған орай облыс полицейлері "Назар аударыңыз-балалар!» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қызмет атқарады. Ол 15 мамырда басталған.


БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Ағымдағы жылғы 4 айдың ішінде СҚО аумағында балалардың қатысуымен 8 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде, өкінішке орай, 1 бала қайтыс болды және 8 адам жарақаттанды. Осыған орай, жазғы демалыстардың басталуымен балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында республика аумағында мамырдың 15-31 дейінгі аралықта «Назар аударыңыз – балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.


 Жедел-профилактикалық іс-шара аясында полицейлер жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізеді. Жас жолаушылары бар автокөлік жүргізушілеріне тәртіп сақшылары "Көліктегі бала" жапсырмаларын беруде.


- Вы ребёнка пристегнули, да? Детское удерживающее устройство... Хотелось бы вам сказать, быть предельно внимательными, когда вы, тем более, перевозите детей, использовать детское удерживающее устройство и неукоснительно соблюдать все ПДД. И в рамках данного мероприятия мы хотели бы вам наклеить такую наклейку. Можно, да? — Да.


 Оқушылармен кездесулер де ұйымдастырылып жатыр. Полицейлер жолдан өту ережелерін, жолдың жанында және аулалардағы кіреберіс жолдарда ойнаудың қауіптілігін еске салады. Ешбір жағдайда кенеттен жолға шығып кетпеу керек. Сондықтан қиылыста немесе жаяу жүргіншілер өткелінде велосипедтен немесе скутерден түсіп, жаяу өту қажет.


- Даже если вы идёте пешком, если вы едете на самокате, если управляете велосипедом — все абсолютно вы являетесь участниками дорожного движения.


 9 күн ішінде жолдарда 2813 түрлі құқықбұзушылықтар анықталды. 183 автокөлік жүргізушісі қиылыстардан өту ережелерін бұзған. Көшеден дұрыс өтпеген 190 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.