М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде 6-шы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғалымдардың басын қосқан іс-шара доцент Владимир Рабиновичтің 100 жылдық мерейтойына арналған. Негізгі тақырып математика және жаратылыстану ғылымдарын зерделеуге бағытталған.


Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Әзірбайжан, Ресей және Өзбекстан республикаларынан ғалымдар онлайн байланыс орнатты. Оған қоса, еліміздегі алдыңғы қатардағы оқу орындарының жас ғалымдары мен ізденімпаздарынан 110-ға жуық ғылыми еңбек келіп түскен.


СӘУЛЕ БАЗАРБАЕВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС ЖӘНЕ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ БОЙЫНША ДЕКАН ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл конференция негізгі төрт бағыт бойынша жұмыс жасайды. Яғни география, биология, физика және математика ғылымдарының негізгі өзекті мәселелері қарастырылады. Конференцияның негізі шет елдегі оқу орындарымен ынтымақтастық орнату. Біз алғаш рет Дендралогия инсттетутымен байланыс орнатайын деп жатырмыз. Өзбекстан мемлекетімен де тығыз қарым-қаынас бар. Ал екінші мақсатымыз – студенттерді, магистранттарды ғылыми жұмысқа тарту.


 Ұсынылған баяндамалар негізгі талап бойынша плагиаттан және рецензиядан өткен. Үздік деп танылған жұмыстар мектеп бағдарламасындағы жаратылыстану бағытындағы пәндерге әдістемелік көмек ретінде қолданылмақ. Сондай-ақ шет ел мамандарының ғылыми тәжірбиелері жергілікті ғалымдардың қажетіне жарамақ. Конференцияда өңіріміздегі экологиялық проблемалар жайында да сөз қозғалды.


МҮКАРАМ ТАЙЖАНОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПРОФЕССОРЫ:

- Тақырыптар әр түрлі, облысымыздағы экологиялық мәселелер де қарастырылды, олардың шешілу жолдарын қарастырды. Ал географтар болса, өңіріміздегі ауыл шаруашылық жерлерінің жағдайын талқылайды. Сонымен қатар, ауаның ластануы, топырақ жамылғысының және судың ластануының мәселелерін қарастырып, зерттейді.


 Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда педагогика ғылымдарының доценті Владимир Рабиновичтің ұлы Борис Рабинович әкесінің өнегелі өмір жолымен бөлісті.


БОРИС РАБИНОВИЧ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПРОФЕССОРЫ:

- Әкем осында 1923 жылы дүниеге келген. Ол өзінің өмір жолын ғылымға арнады. Әсіресе Қазақстандағы математика пәнінің мектептерде оқытылуына көп күш салды. 1961-62 жылдары №2 мектеп жанынан физика-математика пәндері тереңдетіп оқытатын сыныптар ашты. Кейін шәкірттері ғылым жолына бет алды. Мұғалімдерге көптеген зерделі әдістемелік жұмыстар ұсынды. Әкем өңіріміздегі математика ғылымдарының негізін салуға өзіндік үлесін қосып кетті.


Жаратылыстану ғылымдарының негізгі мәселелері талқылаған тәжірбиелік конференцияда жас ғалымдар өз жаңалықтарымен бөлісті, шетел мамандарымен тәжірибе алмасты.


Жайна Шерниязова