Петропавлда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті. Шаһардың бас алаңында өңір тұрғындары үшін «Бейбітшілік- ел тілегі» атты концерттік бағдарлама мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Бірлік күнімен тұрғындарды облыс әкімі Айдарбек Сапаров та құттықтады.


ЖАНСАЯ ҚАЙЫПОВА, ТІЛШІ:

- Қазақстанның байтақ даласы бүгінде 130-дан астам ұлт өкіліне ортақ отан болып отыр. Сол себепті, 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтеді. Бұл күні түрлі ұлт өкілдері бір-біріне сый-құрмет білдіріп, ортақ құндылықтарын насихаттайды. Бүгінде Петропавлдың бас алаңына жиналған өңір тұрғындарының қарасы қалың болды. Барлығының мақсаты бір. Бұл мерекені атап өту.


 Көктемнің шуақты күні бұл мерекені атап өтуге келген тұрғындар үшін «Бейбітшілік-ел тілегі» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Өңір өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Тұрғындар үшін түрлі спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылды. Жиналғандар боз кілемге шығып, қазақ күресінен бақ сынаса, енді бірі шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын ойнады.


Қазақстан халқының бірлігі күнімен өңір тұрғындарын құттықтау үшін бас алаңға облыс әкімі Айдарбек Сапаров та келді. Өңір басшысы жерлес қолөнер шеберлерінің жұмысымен танысып, әншілердің өнерін тамашалады. Содан кейін Айдарбек Сейпілұлын достық үйінің алдында түрлі ұлт өкілдері қарсы алды. Бұл күні халықтың көңіл-күйі көтеріңкі болды.Орталық алаңға жиналған түрлі ұлт өкілдері бір-бірін мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.


-  Мереке құтты болсын.Ел тыныш болсын. Құт-береке. Балапандар аман болсын. Концертте күті. Біздің немереміз биледі. Өте жақсы. Әрдайым осындай концерт бола берсін.

- Барлық Петропавл тұрғыныны осындай керемет мерекемет құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мереке құтты болсын.

-  Құрметті Петропавл тұрғындары сіздерді бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін.


 Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламалар таңғы 11-ден басталып, кешке дейін жалғасты. Бұл күні алаңға келушілердің де қарасы қалың болды. Бір-бірімен мәре-сәре болған барлық Петропавлдықтардың басты қалауы-елдегі тыныштық пен тұрақтылық.