Облыс диқандары республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің шамамен 12% -ын өндіреді. Бұл бүкіл ел бойынша дәнді және майлы дақылдардың төрттен бірі. Оқушылар сарайында облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егіс науқанына дайындығы талқыланды.


Ең алдымен облыс әкімі Айдарбек Сапаров заманауи агротехника қойылған ауыл шаруашылығы көрмесіне барды. Петропавлда ол осымен екінші жыл ұйымдастырылды. Мұнда 100-ден астам көлік түрі ұсынылды. Көрмеден соң өңір жетекшісі жергілікті диқандармен және ауыл шаруашылығы дақылдарын іріктеу саласындағы озық институттардың өкілдерімен кездесті.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Тәуелсіздік алғалы аграрлық сала жан-жақты дамып келеді. Енді біздің мақсатымыз оны жаңа деңгейге көтеру. Жуырда өткен кеңейтілген отырыста Қ.Тоқаев агрокешенді дамытуға қатысты нақты тапсырмаларды жүктеді. Президент ауыл шаруашылығы саласының потенциалы толық қолданып елімізде өңірлердің тауар көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз ету қажет деп атап өтті.  Жиналыс барысында аграрлық саланы дамутыға бағыттылаған жаңа иделяры айтылып, жақсы пікірлер болады дегенге сенемін.


 2023 жылы ауыл шаруашылығы алқабы 4,5 млн гектарды құрайды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақыл 3 млн 200 мың, майлы дақылдар 960 мың, картоп пен көкөністер 31 мың гектарға егілмек. Әртараптандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында биыл қарақұмықтың алқабы 3 есе, картоп 1,5, сәбіз және қырыққабат 2 есе ұлғайды. Бұл шаралар аймақтың қажеттілігін толығымен жабуға мүмкіндік береді.


МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биылғы егіске облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары 488,5 мың тонна тұқыммен толық көлемде қамтамасыз етілді. Зертханалардың деректері бойынша толық егіс талдауына 396,8 мың тонна немесе дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар тұқымының 100% түсті, оның 90% - дан астамы тексерілді, майлы дақылдар тұқымы 29,4 мың тонна немесе жоспар 30,4 мың тонна болғанда 97% тексерілді. Сондай-ақ, сапалы өнім алу үшін минералды тыңайтқыштарды қолдану қажет. Биыл 200 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 181,2 мың тонна тыңайтқышқа немесе 91% - ға келісімшарт жасалды.


 Сонымен қатар, ауа-райы да өсімдік шаруашылығына үлкен әсер етеді. Синоптиктердің болжамы бойынша сәуірдің үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +3-7, күндіз +15-20, жауын-шашынсыз болады. Мамыр айында аймақтың орташа температурасы 12 градустан жоғары, жауын-шашынды болмақ.