Сәуірдің 15-і елімізде Қозы Көрпеш – Баян сұлу ұлттық ғашықтар күні тойланады. Мерекеге орай облыстық кітапханада арнайы интерактивті бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға 6 жұп қатысты.


Ерлан және Алуа Абдрахмановтардың шаңырақ құрғандарына 2 жыл болған. Жас жұбайлар университетте танысып, табысқан. 3 жылдай дос болып бір-бірін жақсы танығасын отбасын құруды шешеді. Ерлі-зайыптылардың сөзінше ғашықтардың арасында ең алдымен сыйластық пен тсүіністік болуы тиіс. Тек сол кезде ғана кез –келген қиындықты женуге болады.


ЕРЛАН ӘБДІРАХМАНОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Байқауға қатысуға шақырған кезде қуана келістік. Бүгін танысқанымыз, шаңырақ қалай құрғанымыз туралы айтып, махаббат туралы гитарамен ән шырқаймыз. Жалпы, мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұруы керек. Осылайша Қозы-Көрпеш пен Баян сұлудың махаббатын насихаттап, жастар арасында үлгі етуге болады.


 Іс шараны қоғамдық даму және ақпарат орталығының NEET санатындағы жастар бастамалары және жастармен жұмыс бөлімі ұйымдастырған. Басты мақсаты жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау. Байқауға қатысқан 6 жұп түрлі сайыстарда бақтарын сынап, өз өнерлерін көрсетті.


СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, «ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ» КММ NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

- Бүгінгі іс-шара жастарға раналған. Себебеі елімізде отбасы құңдылықтарын насихаттау үшін, елеміздің дамуына үлес қосу үшін осындай іс-шара ұйымдастырып отырмыз. 6 жұптың ішінде шығармашылық нөмірлерін көрсетеді.


 Іс-шара соңында үздік деп танылған жұптар бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Майгүл Сейілбек