Облыс орталығындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Мағжан Жұмабаев: ғасырлар тоғысында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шарада өңір ұстаздары ағартушының әдеби педагогикалық мұрасын зерделеді. Сондай-ақ, қазіргі білім беру жүйесіне оның ғылыми, философиялық идеяларын жүзеге асыру мәселесін қозғап, тәжірибелік тұрғыда қолдану аясын қарастырды.


«Мағжан: рухты поэзия, тәрбиелік идея, философиялық тұжырым». Аталған конференцияға жиналған ұстаздар ғылыми-зерттеушілік әлеуетін дамытып, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын еске алды. Мұғалімдер «Рухани жаңғыру», «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын іске асыру аясында жас ұрпаққа рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруде Мағжан Жұмабаевтың ғылыми-педагогикалық мұрасын негізге алды.


 ГҮЛЗАТ ӘЛЖАНОВА, «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

- «Біздің спикерлеріміз бүгінгі күні өзінің білім беру ұйымдарында қандай да бір шығармаларын өзінің тәжірибесінде қаншалықты тиімді оқытып жатыр, оны қалай жүзеге асырып жатыр осы төңірегінде тәжірибесімен бөліседі» 


 Конференцияға Есіл ауданындағы Корнеевка орта мектебінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келе жатқан Ақмарал Жақыпова да қатысты. Ол жиын барысында Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тәрбие тағылымы атты авторлық жобасын қорғады.


АҚМАРАЛ ЖАҚЫПОВА, КОРНЕЕВКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

- «Мағжан Жұмабаевтың ұлттық педагогика бағытындағы жалпы оқу-тәрбие бағытындағы жұмыстарын мектептегі оқу үдерісін, білім беру үдерісін еңгізу. Яғни, қосымша элективті факультативтік курстар ретінде оқытуды көздеп отырмыз. Және Мағжантану атты авторлық өнімді шығару жоспарда бар» 


Енді алдағы күндері республикалық сарапшылардың қатысуымен пленарлық отырыс өтеді.