Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 11,4% өсті. 2023 жылғы 1 наурыздағы көрсеткішке сай бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының жеке шоттарында 15,13 трлн теңге зейнетақы жиналған. Жыл басынан бері олардың өсімі 466,2 млрд теңге болған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,54 трлн теңгеге өскендігінің дәлелі.


 Қазақстандықтардың жинақтарының 97% міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан. Міндетті зейнетақы жарналарының көлемі 14,7 трлн теңгеге жеткен. Осылайша өткен жылдың 1 наурызынан 21%, ал жыл басынан бері 4,7% ұлғайған. Жалпы жыл басынан салымшылардың шоттарына 319,6 млрд теңге мөлшерінде зейнетақы жарналары түсті. Ол өткен жылғы көрсеткіштен 30%-ке көп. Айта кетейік, зейнетақы активтері, оның ішінде республика өңірлері бойынша статистикалық деректер сияқты барлық ақпарат enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде орналастырылған.