20 наурыз - Жоралғы күні. Осыған орай Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері Наурыз мейрамының қарсаңында даналық күнін атап өтті. Іс-шара барысында ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар мерекеге сай бай дастархан жайып, қазақы қонақжайлылықты көрсетті.


 Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дәріптеу, үлкендерге құрмет көрсетіп қонақжайлылық таныту - бұл күннің басты ерекшелеліктерінің бірі осы. Қалалық ардагерлер кеңесінің белсенділері келушілерге мерекенің маңыздылығын көрсетті.


ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Наурыз мерекесінің бар қасиеті айту керек жастарға.Білмей жүрген жастардың наурыз туралы мәлімет беруге тиіспіз.Осы күні наурыз туралы,көктем туралы, отан туралы тақпақтар өлеңдер айтуы тиіс.Біз бүгін өзіміздің ақсақалымыздың үйіне қонаққа келдік.Мынау наурыз мерекесін тойлауға келдік, ұлыстың ұлы күні құтты болсын айтуға келдік.Сондықтан бүгінгі мереке бәрімізге жұғысты болсын наурыз құтты болсын!


Ұлттық нақыштағы киімдерді киген құрметті қонақтарды үй иелері жылы лебіздерін білдіріп құшақ жая қарсы алды. Мерекелік іс-шарада қонақтар үшін қазақтың ұлттық аспабы домбырамен күй тартылып, әсем әндер шырқалды.


 ЛЮБОВЬ СОБОЛЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

- Тек Қазақстан халқы ғана емес, барша әлем тұрғындарына бұл көктем мерекесі тамаша көңіл-күй сыйлайды. Мейрам күндері барлық отбасылар қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін құрметтейді. Мереке қарсаңында баршаңызға жақсылық пен бейбітшілік тілеймін.


20 наурыз - Жоралғы күні болса, 21 наурыз - Ұлттық тағамдар күні болып бекітілген. Ал 22 наурыз – бұқара күні деп атап өтіледі.