Облыс тұрғындары таң сәріден сайлау учаскілеріне барып дауыс беруде. Өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров та Петропавлдағы облыстық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығы орталығында орналасқан № 595 сайлау участкесінде өз таңдауын жасады.Әріптесім Майгүл Сейілбектің бейнематериалында.


 Петропавлдағы №595 сайлау учаскесі Балалар шығармашылығы орталығында орналасқан. Таңғы сағат 7.00-де ашылған учаскеге алғашқылардың бірі болып зейнеткерлер келіп, өз таңдауларын жасады. Жалпы бұл сайлау учаскесіне 1338 адам тіркелген.


ҚАНАТ СӘДУАҚАС, № 595 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  Ақпарат дайын тұр.Бүкіл осы сайлау туралы ақпаратты алуға болады. Бізде 4 адам мүмкіндігі шеткеулі.Оларға арнайы кабинка жабдықталған. Компьютер бұрышы да бар. Сайлаушылардың арасынан 10 адам тыл еңбеккері. Туған күн 7 адам, 65 адам алғаш дауыс беруші.Оларға дайын сыйлықтарымыз бар.


Ел болашағын айқындайтын маңызды саяси науқанға өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров та өз жұбайымен қатысып, таңдауын жасады.


 Сайлау учаскесіне келіп, өз құқығын пайдаланғандардың көңіл күйі көтеріңкі.


- Сайлауға қатысып, таңдау жасау әр қазақстандықтың құқығы. Елге депутаттар қажет. Бұл кісілер халық пен билікті байланыстыратын көпір іспеттес. Жаңа депутаттық корпус көптеген мәселелерді шешеді деген үміттемін.


-Биылғы өтіп жатқан ерекше сайлау. Әділетті Қазақстан құрамыз дейміз. Қазақстанға жаңы ашыған, халықтың үнін естіртем деген адамдарды сайлауға қатысуға тиістіміз.Өз дауысымды берлдім.Ойлайымн жаңа депутаттық корпус ел үшін қызмет етеді деп.


 Учаскіде сайлаудың заң талаптарына сай өтуі 4 байқаушы мен 1 сенімді тұлғаның жіті қадағалауында.


АЛЕКСАНДР ШТРО, БАЙҚАУШЫ:

-  Сайлау учаскесі ашылғалы бері дауыс беруге келіп жатқан тұрғындар өте көп. Осы уақытқа дейін бұзушылықтар тіркелген жоқ. Тек дауыс берушілердің көбі өздерімен бірге тұратын бала-шағасы не болмаса басқа туған-туысқандары белгілі себептермен келе алмады деп солар үшін дауыс беруді өтініп сұрайды. Біз болсақ рұқсат етпейміз. Заңға қайшы әрекет екенін түсіндіреміз. Осы ретте үйден дауыс беру үшін өтінім қалдыруға болатынын айтамыз.


 Бұдан бөлек мұнда дауыс берушілер үшін жәрмеңке ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Сайлауға келген тұрғындарға арзандатылған бағамен азық-түлік өнімдерін алуынаа жағдай жасалған.



Майгүл Сейілбек