Экологиялық таза энергия мен өнімге көшу арқылы тұтынушылардың мүмкіндіктерін кеңейту. Дәл осы ұранмен бүгін дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күні аталып өтуде. Өңір тұрғындары өз құқықтарын біле ме? Сатып алған тауары сапасыз болған жағдайда қайда хабарласқаны жөн? Арна тілшілерінің бейнематериалы.


Экологиялық таза өнім мен қызмет түрлерінің көптеп болуы. Бұл- дүниежүзіндегі барлық тұтынушылардың ең басты арманы. Дегенмен тұрғындар өз құқықтары туралы да ұмытпаулары тиіс. Мәселен, тауардың таңбасы арқылы сатып алушы өнім туралы толық ақпарат алып, оның сапасына көз жеткізуі тиіс. Алайда кей-кездері бұл ақпаратты оқу түгілі, түсіну де мүмкін емес.


НАДЕЖДА ДУБОВАЯ, «СҚО ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

-  Шағымдардың басым бөлігі тұрмыстық техниканың сапасына қатысты келіп түседі. Бұдан бөлек тауарлардағы таңбалардың ұсақ жазылғанына, ақпараттың аз берілгеніне де шағымданады. Біз болсақ өз кезегімізде бұл мәселені өндірушіге жеткіземіз.