Әр гектар — үлкен еңбектің нәтижесі
Егін орағы — ауыл шаруашылығындағы ең маңызды қорытынды кезең. Оның нәтижесі елдің азық-түлік қауіпсіздігіне ғана емес, шаруалардың экономикалық әл-ауқатына да тікелей әсер етеді. Осы жауапты жұмыстың басында жүрген негізгі мамандардың бірі — механизаторлар. Солардың бірі Сергей Владимирович Шерстобитов — еңбегімен елге үлгі болып жүрген өз жұмысына адал маман. Ол 27 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп келеді.
Егін орағы — ауыл шаруашылығы еңбеккерлері үшін ең жауапты кезеңдердің бірі. Бұл уақытта тәжірибе, төзімділік және техниканы шебер меңгеру ерекше маңызды. Механизатор Сергей Шерстобитов күн сайын комбайн тізгінінде. Ол алқапты жіті бақылап, әр сәтті тиімді пайдалануға және қолайлы күннің бірін де жіберіп алмауға тырысады.
СЕРГЕЙ ШЕРСТОБИТОВ, МЕХАНИЗАТОР
«Арман» шаруа қожалығының егістік алқабы 4 мың гектарды құрайды. Мұнда бидай, зығыр және жасымық егіледі. Зығыр жинау жұмысы ерекше тәсілді талап етеді. Бұл дақыл дәстүрлі дәнді дақылдардан өзгеше болғандықтан, механизатор өсімдіктің жағдайын, ылғалдылық деңгейін және алқаптың ерекшеліктерін ескеруі қажет. Техниканы дұрыс баптап, жұмысты ұқыпты әрі дәл орындау маңызды.Жиналған өнімнің сапасы мен ысырапсыз сақталуы көп жағдайда техника тізгініндегі маманның шеберлігіне байланысты.
СЕРГЕЙ ШЕРСТОБИТОВ, МЕХАНИЗАТОР
Әр гектардың артында айлап атқарылған еңбек жатыр: топырақты дайындау, тұқым себу, егісті күтіп-баптау және өсімдіктің жай-күйін үнемі бақылау. Сондықтан егін орағы — ауыл шаруашылығы маусымының жай ғана қорытындысы емес, агрономдар, механизаторлар мен шаруашылықтың барлық мамандарының бірлескен еңбегінің нәтижесі.