Негізгі Жаңалықтар Мал шаруашылығы: табысты еселеудің тиімді жолы

Мал шаруашылығы: табысты еселеудің тиімді жолы

Солтүстік Қазақстанның сайын даласы өңір экономикасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Астық өсіруге келсек ол тек маусымдық жұмыс. Көктемнен күзге дейін жүріп, қыстың күні тоқтайды. Ал, мал өсіру жыл 12 ай жалғасын табатын іс. Сондықтан соңғы жылдары осыны ұтымды пайдаланып отырған агроқұрылымдар аз емес. Солардың бірі етті бағыттағы ірі қара асырауды қолға алған Жамбыл ауданындағы «Шатило және К» серіктестігі. 10 жылдан астам уақыт Ангус тұқымды зеңгі баба тұқымын өсірумен айналысып келе жатқан шаруашылық, олардан алынған төлдің еркегін өздеріндегі бордақылау алаңында семіртіп, салмағы мен күйі келіскен шақта сатылымға шығарады. Қосымша табыс көзі, ешкімге ешқашан артық етпейді.

Агроқұрылым басында тек егіншілік бағытты ұстанған. Алайда олар уақыт өте қосымша табыс пен, қосалқы жұмыс орындарын ашу мақсатында мал шаруашылығын дамытуды да қолға алады. 

СНХ: Олег Адам – серіктестік директоры 

Серіктестік үшін мал шаруашылығы – егіншілікпен қатар дамып келе жатқан маңызды бағыт. Десе де, бордақылау алаңына қойылған бұқашықтардың күтіліп-бапталуына, еті толып белгілі бір салмаққа жеткенде оларды сатылымға шығаруға негізгі басымдық берілген.

СНХ: Олег Адам – серіктестік директоры

Мал ұстағасын оған жайылымдық жер мен шабындық керек. Бұл мәселе де оң шешімін тапқан. Жыл сайын 6 мың тонна сүрлем бастырылып, 2 мың тонна шөппен 2 мың тонна сабан, 300 тонна сұлы мен арпа дайындалады. Оның үстіне мұнда малды табиғи жағдайға барынша бейімдеп ұстау тәсілі қолданылады. 

СНХ: Олег Адам – серіктестік директоры 

Серіктестікте малды өсіруден бастап, бордақылау мен сатылымға дейінгі жұмыстың барлығы бір жүйеге біріктірілген. Ал оның негізінде адамзат баласының еңбегі мен мал шаруашылығы саласында ғасырлар бойы қалыпасқан тәжірибе жатыр. 


Бөлісу