Негізгі Жаңалықтар Петропавлда ауқымды тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Петропавлда ауқымды тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Облыс орталығында коммуналдық қызмет жұмысшылары қаланы абаттандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізуде. Көшелерді қоқыстан арылтумен қатар апатты ағаштарды кесу сияқты маңызды шаралар атқарылуда. 

Қаланы тазалау жұмыстарына 100-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Бригадалар көшелерді қоқыстан тазартып, жол жиектерін ретке келтірді. Негізгі жұмыстар Жас Өркен шағын ауданында, сондай-ақ Жабаев пен Назарбаев көшелерінде жүргізілді. Бұдан бөлек, өрттің алдын алу мақсатында қураған шөп пен қамыс орылды. Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қала әкімдігіне түскен өтінімдер негізінде апатты жағдайда тұрған ағаштарды кесу жұмыстары да жүргізілді.    


Бөлісу