Наурыз мейрамына орай өңірде мемлекеттік мекемелердің қызметшілері классикалық жұмыс киімін ұлттық киімге ауыстырды. Биыл да бұл дәстүр «Амал» күнінен бастау алды. Мәселен Петропавл қалалық әкімдігінде 300-ге жуық адам еңбек етеді. Солардың барлығы дерлік ұлттық киім киіп жүр.


Мемлекеттік қызметшілер Наурыз мейрамын тойлауды «Көрісу» күнінен бастап кетті. Еліміздің кей аймақтарында бұл мерекені «Амал мейрамы» деп те атайды. Бұл күнінің басты салты төс қағыстырып, бір- біріне деген өкпе ренішті ұмытып, жақсы тілектер айту.


ЭЛЬМИРА СӘДУАҚАСОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

-  Осымен 4-ші жыл қалалық әкімдік мамандары да Наурыз мейрамын 14-нен бастап тойлай бастайды. Дәл осы күннен бастап біз бір-бірімізді құттықтап, қазақи ұлттық киім киіп, Амал күнін атап өтеміз.