Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері облыс тұрғындарына «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңды түсіндіретін семинар өткізді. Аталған заң наурыздың 3-інен бастап өз күшіне енбек. Сала мамандары іс-шара барасында өңір азаматтарының көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Әріптесім әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.


 Статистикаға сүйенсек, елімізде несиені төлей алмай отырғандардың саны бір миллионнан асады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың аяғында «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. Енді 3 наурыздан бастап қарыздары бар, сол қарыздарын өтей алмайтын азаматтар Заң бойынша банкроттық туралы өтініш бере алады. Бұл – қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған қадам.


АЙБОЛ АМАНОВ, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Бұл заңнаманың негізгі мақсаты- бүгінгі күні қарызынан арыла алмай жүрген ҚР азаматтарын қарыздарынан құтылуға көмектесу. Яғни, қарыздан барлығы құтылып, өмірін жаңа жолдан бастау.


 Айта кетейік, банкроттық туралы рәсімнің 3 түрі бар. Біріншісі – соттан тыс жүзеге асады. Оған азаматтар тиісті шарттар бойынша өтініш береді. Банктер, микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 миллион теңгеден аспауы тиіс. Екінші рәсім – сот банкроттығы. Бұл рәсімді қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына жұмыс істеп тұрған әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң кеңесшілері мен аудиторлар кіреді. Ал үшіншісі, бұл – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, онда сот арқылы борышты бөліп-бөліп төлеу көзделеді.


 АЙБОЛ АМАНОВ, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 «Айта кетерлігі, банкрот деп танылған азаматтардың өзіндік бір шеутеулері бар. Яғни ол азаматтар соңғы 5 жылда несие ала алмайды. Соңғы 7 жылда өзін банкрот деп тани алмайды. Сонымен қатар, 3 жылға дейін қаржылық-бақылау мониторингіне түседі.»


«ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң тек Қазақстан азаматтарына ғана қатысты.