Петропавл қаласы полиция басқармасының жаңа бастығы тағайындалды. Лауазымды полиция полковнигі Ербол Тайбеков атқарады.
Ербол Тұяқұлы 51 жаста. Жамбыл облысында туған. Ішкі істер органдарында қызметін 1993 жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор қызметінен бастады. Ол әр түрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық қызметте, елдің бірнеше облысында жұмыс істеді.
Облыстық ПД бастығы Айдын Қабдулдинов Ербол Тайбековті облыстық полиция аппаратының басшысы ретінде таныстыра отырып, ПБ жаңа бастығына облыстың ең ірі полиция бөлімшесінің жедел-қызметтік қызметін ұйымдастыруда табыс тіледі.
Бұған дейін қалалық полиция ведомствосын басқарған Жандос Мұхатов қаңтар айында Ұлытау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалған еді.